18
январь
2021
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа арнайы жобалары
• «Үнем-қоғам қуаты»
• «Дәстүр мен ғұрып»
• «Құқықтық сана – қауымға пана!»
• «Еңбек – елдің мұраты»
«Үнем – қоғам қуаты»
Қазақстандықтардың санасында жаңа дүниетанымның негізіне айналатын қаржы ресурстарын басқару және азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру бойынша ұтымды әдеттерді бекіту.
«Дәстүр мен ғұрып»
Архаикалық дәстүрлерден бас тарту, ұмытылған, бірақ қазіргі заманғы өзекті дәстүрлерді олардың адамгершілік, тәрбиелік құндылықтары тұрғысынан жаңғырту. Қазақ ұлттық тағамдарының ерекшеліктері мен құндылықтарын танымал ету.
«Құқықтық сана – қауымға пана!»
Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
«Еңбек – елдің мұраты»
Қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы жас ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту.