Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары.
№ р/с | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары | |
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу, дайындау | |||||
1 | Әлеуметтік педагогтың жаңа оқу жылына арналған жоспарын дайындау және бекіту. | Қыркүйек | Т.Сырымбетова | Бекіту | |
2 | Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын жасау: Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар тізімі Көп балалы отбасы балалар тізімі; Толық емес отбасындағы балалар тізімі; Аз қамтылған отбасы балаларының тізімі; Сәтсіз отбасын анықтау «Д» есептегі оқушыларды анықтау Ата-әжесімен тұратын оқушылар тізімі | Қыркүйек-қаңтар | Г.Қапалбаева Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер | Анықтау,бекіту | |
3 | Мектептің әлеуметтік төлқұжатын дайындау; әр сыныптың төлқұжатын дайындау, құжаттарын жинау | Қыркүйек-қаңтар | Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер | Анықтау,бекіту | |
4 | Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу бойынша мәліметтерді жинау | Қыркүйек-қаңтар | Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер Д.Нурбекова | ||
5 | Әлеуметтік топтағы оқушыларды оқулықпен қамту | Қыркүйек | Т.Сырымбетова Мектеп әкімшілігі Ұ.Абдуалиева | Ұйымдастыру | |
II. Балалық құқығын қорғау жұмысы | |||||
6 | Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында кездесулер ұйымдастыру; | Ақпан | Г.Қапалбаева Т.Сырымбетова А.Толымбекова | Баяндама | |
7 | Оқушылар арасында бала құқықтары міндеттері туралы ақпаратты қаншалықты деңгейде меңгергендігі жөнінде сауалнама өткізу | Желтоқсан | Т.Сырымбетова | Хаттама | |
8 | Зорлық -зомбылықтың алдын алу бойынша оқушыларға кеңестер 7-11 сынып | Қаңтар | Т.Сырымбетова Д.Нурбекова | Хаттама | |
9 | Оқушылар арасында ҚР бала құқықтары мен міндеттері жөніндегі ақпараттарды қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында сауалнама өткізу | Ақпан | Т.Сырымбетова Д.Нурбекова | Хаттама | |
IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс | |||||
10 | Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың баланың психо-эмоцияды дамуына әсері | Желтоқсан | Т.Сырымбетова Д.Нурбекова | Хаттама | |
11 | Әлеуметтік бейімделуді қажет ететін оқушыларға сауалнама өткізу - Қамқорлықтағы оқушылар - Әлеуметтік топтағы оқушылар | Қараша | Т.Сырымбетова | Хаттама | |
12 | Діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу бағытында ата-аналарға баяндама даярлау | Ақпан | Г.Қапалбаева Т.Сырымбетова | Хаттама | |
13 | «Мамандық саласын анықтау» тақырыбында әлеуметтік топтағы балаларға кеңес өткізу 10-11 сыныптар | Сәуір | Т.Сырымбетова | ||
14 | Үйде оқытылатын оқушылармен байланыста болу | Жыл бойы | Мектеп әкімшілігі | ||
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | |||||
15 | «Қамқоршылық кеңесінің» отырысы | Тоқсан сайын | Қамқоршылық кеңес мүшелері Т.Сырымбетова | Хаттама | |
16 | Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекцияның инспектормен кездесу ұйымдастыру | Қаңтар | Т.Сырымбетова Г.Капалбаева Мектеп инспекторы | Хаттама | |
V.Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | |||||
17 | Жекелеген ата-аналармен баласының тәрбиесі мен біліміне қатысты сұрақтар бойынша әңгімелесу өткізу | Жыл бойы | Т.Сырымбетова | ||
18 | Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастағы сәтсіздіктердің алдын-алу мақсатында сынып жетекшімен бірлесе отырып әңгіме жүргізу | Үнемі | Т.Сырымбетова | ||
19 | Жекелеген ата-аналармен оқушының тәртібі мен оқуы жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес өткізу. | Үнемі | Т.Сырымбетова | ||
20 | Ата-аналар жиналысына қатысып, әр бағыт бойынша алдын алу мақсатында ата-аналарға жаднамалар тарату. | Қаңтар | Т.Сырымбетова | ||
VI. Диагностикалау-талдау қызметі | |||||
21 | Жалпыға білім беру айлығы және «Шекарасыз жақсылық Мектепке жол» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру: - әлеуметтік қорғалмаған, яғни аз қамтылған, жетім, қамқорлықтағы оқушыларға мемлекет тарапынан және демеушілік есебінен әлеуметтік көмек ұйымдастыру; -Өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған отбасыларға мәселесін шешуде әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік психологиялық және әлеуметтік-экономикалық бағытта жұмыс жүргізу. | Қыркүйек-қаңтар | Г.Капалбаева Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер | Ақпарат | |
22 | Әлеуметтік топтағы оқушылардың ата – аналары туралы мәлімет жинақтау | Қыркүйек | Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер | ||
23 | «Біз дұрыс тамақтануды таңдаймыз» мектепішілік шара өткізу | Қазан-Сәуір | Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер М.Мұқатай | Хаттама | |
24 | Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы шамамен ақпарат жинақтау, әлеуметтік категориядағы оқушылардың демалысын ұйымдастыру | Мамыр | Г.Капалбаева Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер | Ақпарат | |
25 | Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға тегін қоғамдық буфеттік тамақ ішетін оқушылардың тізімін анықтау үшін 64 қаулы негізінде оқушыларды тізімге кіргізу | Қыркүйек – қаңтар | Г.Капалбаева Т.Сырымбетова Сынып жетекшілер | Анықтау,бекіту | |
26 | Жалпыға білім беру қорынан әлеуметтік категориядағы балалардың тегін қоғамдық буфеттік тамақпен қамтылған оқушыларды тексеру | Жыл бойы | Т.Сырымбетова Кезекшілер | Тексеру журналы | |
27 | Облыс, аудан әкімінің шыршаларына әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды қатыстыру | Желтоқсан | Г.Капалбаева Т.Сырымбетова | Анықтау,бекіту | |
28 | Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасының балаларын жазғы демалыс лагерлеріне демалуға анықтау , тізімін жасау | Мамыр | Г.Капалбаева Т.Сырымбетова | Анықтау,бекіту | |
29 | Жүргізілген жұмысқа аналитикалық талдау жасап, есебін дайындау. | Мамыр | Т.Сырымбетова | Ақпарат | |
30 | Кәсіби құзыреттілікті үнемі дамыту | Үнемі | Т.Сырымбетова |