"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ » "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Тастыөзек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Тастыөзек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72842)-97-5-14
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2020

"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ

"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ



Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Бала мінезі, азаматтық көзқарасы ата-ана, орта, мектеп тәрбиесі арқылы қалыптасады. Рас, сәби ақ қағаздай болып дүниеге келмек. Қағазға шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де осыған ұқсас. Бүгінде білім беру мекемелері осы қағиданы ескеріп, оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жаңа жобалар жүргізуде.
Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» және «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша қыркүйек айында іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
Осы жоба аясында мектепте 2020-2021 оқу жылында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы қазіргі таңда бұл клуб мектеп оқушылары арасында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Клуб жетекшісі Бабикенова Салтанат Бекетқызы, төрағасы-мектебіміздің 11-сынып оқушысы Елубай Ғалымжан. Оқушыларымыздың арасында «Адал ұрпақ» клубының жұмысына қызығушылық танытып, мүше болуға сұраныс білдірген оқушыларымыздың саны күннен –күнге артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Бұның өзі — клубтың нәтижелі еңбегінің бір көрінісі деп білуге болады. Қазіргі уақытта мектебіміздің барлық 97 оқушыларының ішінен 15-сі осы клубтың белсенді мүшелерінің қатарында.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері:

1 Бақыткелді Еркебұлан 7-сынып
2 Бексұлтан Ұлан 7-сынып
3 Мұхаметәлі Ералы 7-сынып
4 Самат Алуа 7-сынып
5 Серік Арсен 8-сынып
6 Болатқызы Аружан 8-сынып
7 Әділханқызы Жансая 8-сынып
8 Бекбота Мағжан 9-сынып
9 Рысбеков Жәнібек 9-сынып
10 Нурияхмет Айбек 9-сынып
11 Асқар Орынбасар 10-сынып
12 Серік Дияс 10-сынып
13 Әділханқызы Алина 10-сынып
14 Рысбекова Жания 11-сынып
15 Саудабай Балнұр 11-сынып

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

«Адал ұрпақ» тобының міндеттері:

Бізді не біріктіреді?
Отанға, атамекенге деген махаббат.
Әділет пен адалдыққа деген ұмтылыс.
Бізге бәрінен де не қымбат?
Адалдық пен әділдік.
Біз кімбіз?
Балалар мен ересектердің ерікті түрде құрылған тобы.
Егер сіз бізбен бірге болсаңыз, онда:
Адалдық пен әділдікті болдыра аласыз.
Қызықты өмір сүру үшін не көмектеседі?
Арман-қиялдар, ойын, ән, өз шешімімізбен жасайтын істер.
Біз кімдерге қамқорлық жасаймыз?
Қарттар, кішілерге, әлсіздерге, қиындыққа тап болған адамдарға.

Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» тақырыбында клуб мүшелері арасында өткен онлайн дөңгелек үстел өткізілді. «Іс-қимыл әрекет-әлеуметтік қауіпті көрініс» тақырыбында 1-11 сынып аралығында сынып сағаттары өткізілді, директорың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шарипбековтың ұйымдастыруымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбындағы zoom интернет желісімен онлайн пікірталас өткізді. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Технология пәнінің мұғалімі Ғ.Шөпчековтің ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Барлық өткен іс-шаралар бойынша оқушылар жұмысы бағаланып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз марапатталды.
Егер, жас¬тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі¬ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.
Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы жалғасын табуда. Тәуелсіз еліміздің адал да саналы азаматтарының санын арттыруға ықпалын тигізетін ауқымды іс-шаралар атқарамыз.


Педагог-ұйымдастырушы: Бабикенова Салтанат Бекетовна